Home

ЗАҢ АСПЕКТІЛЕРІ

 

Бұл интернет-сайт Ферреро тобының жекеменшігі болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгісіз тұлғалар тобына арналған және Ферреро тобына енетін компаниялар өндіретін тауарларға, Ферреро тобы пайдаланатын және оған тиесілі жеке тауарларға, Ферреро тобына және оның құрамына енетін компанияларға, оларға тиесілі интеллектуалды қызмет нәтижелеріне, сондай-ақ олар өткізетін іс-шараларға назар аудартуға, қызығушылық қалыптастыруға және оны сақтауға бағытталған, интернет-сайт осы мақсатта құрылып, әрекет етеді. Бұл сайтта қашықтан сауда жасалмайды, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бұл интернет-сайтқа жарияланған кез келген ақпарат оферта емес. Бұл интернет-сайтқа кіруге шектеу қойылмайды. Сонымен қатар бұл интернет-сайтқа кіру арқылы осы интернет-сайттағы ақпаратты алуға өз келісіміңізді бересіз және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы интернет-сайттан шығу арқылы сіздің мекенжайыңызға көрсетілген ақпаратты таратуды тез арада тоқтатуға құқылысыз. Бұл интернет-сайт ақпаратты мерзімді түрде таратуға арналмаған. Осы интернет-сайтты пайдалана отырып ақпаратты тарату, сондай-ақ осы интернет-сайт арқылы таратылатын ақпаратты жою және өзгерту Ферреро тобының құқығы болып табылады және Ферреро тобы қажетіне қарай кез келген сәтте оны осы интернет-сайттың пайдаланушысы ретінде Сізге хабарламай-ақ толық немесе жартылай іске асыра алады. Ферреро тобы компанияларына тиесілі интеллектуалды қызмет нәтижелері және заңды тұлғалардың оған теңдестірілген жеке құралдары, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес құқықтық қорғау берілген және осы интернет-сайтта пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер және кәсіпорындар Ферреро тобының осындай компанияларының жекеменшігі болып табылады және осы интернет-сайтта олардың келісімімен пайдаланылады. Олардың авторының және заңды иелерінің келісімімен бұл интернет-сайтта үшінші тұлғаларға тиесілі интеллектуалды қызмет нәтижелері және заңды тұлғалардың оған теңдестірілген жеке құралдары, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес құқықтық қорғау берілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер және кәсіпорындар пайдаланылады. Қандай да бір ақпаратты (жалпыға қолжетімді ақпараттан басқа), суретті, логотипті, графиктік немесе мәтін элементтерін, осы интернет-сайттағы басқа да материалдарды көшіру Ферреро тобының келісімімен (Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұндай келісім қажет болмаған жағдайлардан басқа жағдайда) және осы интернет-сайтқа міндетті түрде сілтеме көрсету арқылы жүзеге асырылады. Бұл интернет-сайтта оған (осы интернет-сайтқа кірушілердің жеке мәліметтері) кіретін белгілі немесе белгісіз пайдаланушыларға тікелей немесе жанама қатысты ақпаратты автоматтандырылған өңдеу бойынша бірқатар іс-әрекеттер жүзеге асырылады. Қандай жағдай болса да, бұл интернет-сайтта заңда көзделген жеке мәліметтердің арнайы категориясы өңделмейді. Осы интернет-сайтқа кіру арқылы сіздің жеке мәліметтеріңізді өңдеуге, сондай-ақ сіздің жеке мәліметтеріңізді үшінші тұлғаларға ашуға, таратуға, сондай-ақ трансшекаралық жолмен беруге келісіміңізді бересіз. Бұл интернет-сайтқа кіру арқылы мұндай жеке мәліметтердің субъектісі өзіңіз екенін растайсыз. Ферреро тобы осы интернет-сайтты пайдалана отырып, жеке мәліметтерді өңдеу заңды негізде және әділ іске асырылатынына кепілдік береді және осы интернет-сайтта көрсетілген, сондай-ақ көрсетілмеген, бірақ оның тиісті түрде жұмыс істеуі үшін техникалық тұрғыдан қажет, нақты, алдын ала анықталған және заңды мақсаттарына қол жеткізумен шектеледі. Ферреро тобы осы интернет-сайттағы жеке мәліметтерді өңдеген кезде Сіздің жеке мәліметтеріңізді заңсыз немесе оған рұқсатсыз қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, ұсынудан, таратудан, сондай-ақ сіздің жеке мәліметтеріңізге қатысты басқа да заңсыз іс-әрекеттерден қорғау үшін қажетті құқықтық, ұйымдастыру және техникалық шараларды қабылдайды (қабылдауды қамтамасыз етеді). Бұл интернет-сайтта осындай өңдеу мақсаттарына жауап беретін жеке мәліметтер, олардың мазмұны мен көлемі ғана өңделеді. Ферреро тобы осы интернет-сайтта өңделетін жеке мәліметтер осы интернет-сайтта көрсетілген, сондай-ақ көрсетілмеген, бірақ оның тиісті түрде жұмыс істеуі үшін техникалық тұрғыдан қажет мәліметтерді өңдеу мақсатына қатысты артық емес екеніне кепілдік береді. Осы интернет-сайттағы жеке мәліметтерді өңдеу кезінде жеке мәліметтердің нақтылығы, олардың жеткіліктілігі, қажет болған жағдайда жеке мәліметтерді өңдеу мақсаттарына қатысты өзектілігі қамтамасыз етіледі. Қажет болған жағдайда Ферреро тобы толық емес немесе нақты емес мәліметтерді өшіру немесе нақтылау бойынша қажетті шаралар қабылдауға немесе оларды қабылдауды қамтамасыз етуге құқылы. Осы интернет-сайтта өңделетін жеке мәліметтерді сақтау жеке мәліметтердің субъектісін анықтауға мүмкіндік беретін нысанда және оны өңдеу мақсатына қажет мерзімде ғана іске асырылады. Өңдеу мақсаттарына қол жеткізгеннен кейін немесе ол мақсаттарға қол жеткізу қажеттігі жоғалғаннан кейін осы интернет-сайтта өңделетін жеке мәліметтер жойылады немесе тұлғасыздандырылады. Төменде көрсетілген мекенжайға тиісті жазбаша хабарлама жолдау арқылы жеке мәліметтеріңізді өңдеуге берген келісіміңізді кері қайтарып алуға құқылысыз. Сондай-ақ сіздің жеке мәліметтеріңізді өңдеуге қатысты, заңда көзделген ақпаратты алу үшін, сондай-ақ жеке мәліметтеріңізді нақтылау, оларды бұғаттау немесе жеке мәліметтеріңіз толық болмаса, ескірсе, нақты болмаса, заңсыз алынса немесе сіздің пікіріңізше, өңдеудің мәлімделген мақсаты үшін қажет болмаса, оларды жою талабымен төменде көрсетілген мекенжайға жүгіне аласыз. Ферреро тобы сіздің өтініміңізді міндетті түрде заң тәртібімен қарастырады. Осы интернет-сайтқа және онда жарияланған ақпаратқа қатысты сұрақтарыңыз бойынша мына мекенжайға хабарласа аласыз: «Ферреро Қазақстан» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050051, Медеу ауданы, Алматы қ., Достық даңғ., 192/2, Green Tower СО, 5 қабат.