Кішкентай порцияның сыйлар қамқорлығы мол
1968 жылы Kinder® Шоколад брендінің негізі қаланған кезден бастап, біз әрқашан порцияларымыздың кішкентай болып қалуына көп көңіл бөліп келдік. Әр Kinder шағын порциясы бөлек оралған, бұл ата-анаға бала тұтынатын калорияларды қадағалауға көмектесіп қана қоймай, балаларға өнімді оңай ашып, қолға ұстап жеулеріне мүмкіндік береді. Біздің өнімдеріміз – тек қана бірегей, қайталанбас дәм ғана емес, сондай-ақ сізге және жақындарыңызға деген қамқорлық.
Біз салауатты тамақтану үшін қандай да бір өнімнен немесе ингредиенттен бас тарту міндетті емес деп сенеміз. Олардың кез келгені әртүрлі және үйлесімді диетаның бір бөлігі бола алады, сондықтан біз тұтынушыларға салауатты энергия беретін құнарлы порцияларды ұсына отырып, өз рационын ойластыруға көмектесеміз.
Жауапты маркетинг
Сіз дұрыс таңдау жасауыңыз үшін біз маркетингтік коммуникация мен өнім таңбалауына жауапкершілікпен қараймыз. Жарнамалық және маркетингілік хабарламаларымызда ешқашан балаларға тікелей хабарласпаймыз, өйткені олар әлі өз бетінше шешім қабылдай алмайды.
Көбірек біліңіз!
Қамқорлығымыз қайда бағытталады
Біз өз өнімдеріміздің сапасына үлкен мән береміз, сондықтан Kinder-дің әр порциясы қамқорлыққа толы.