Home

Негізгі құндылық - ойыншықтарымыздың сапасы және қауіпсіздігі

Біздің тұтынушыларымыз, әсіресе жанұялар мен балалар әрқашан «Ferrero» компаниясының бірінші кезектегі басымдығы болып қала береді. Қауіпсіздік пен сапа KINDER® ойыншықтарын дайындау кезіндегі негізгі қағидалар болып табылады; сондықтан біз өнімдерді жобалаудан өндіруге және түпкілікті қолдануға дейінгі кезеңдерде ең қауіпсіз өнімдер шығару үшін аянбай еңбек етеміз.

«Ferrero» компаниясының «Ойыншықтарды сынау хаттамаларында» KINDER® ойыншықтары халықаралық ойыншықтарға қатысты нормалар мен стандарттарға және ұлттық талаптарға толық сәйкес келуі керек деп жазылған. KINDER® шығарған әр ойыншық олардың қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық нормативтік талаптарға (2009/48/EC ЕО директивасы және EN 71 Еуропалық техникалық стандарты), сондай-ақ KINDER® ойыншықтары нарыққа шығарылатын елдердің халықаралық талаптарына (ISO 8124 ойыншықтардың қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық стандарты), мемлекеттік нормативтерге (мысалы, АҚШ-қа арналған ASTM F963 стандарты, Оңтүстік Америка елдерінің ортақ нарығының (МЕРКОСУР) стандарттары, кореялық стандарт) және химиялық заттарды тіркеу, бағалау, қолдануға рұқсат беру және шектеу жөніндегі REACH нормативтік талаптары секілді басқа да нормативтік ережелерге сәйкес келуі керек.

Оған қоса, «Ferrero» компаниясының «Ойыншықтарды сынау хаттамасы» аясында біз халықаралық және ұлттық нормативтік ережелердің талаптарына қосымша ретінде ерікті негізде сынақтар өткіземіз және ойыншықтардың сынуының алдын алу үшін сапасы жоғары материалдарды мұқият таңдау арқылы ойыншықтарды өлшемі мен пішіні негізінде жобалау бойынша қатаң нұсқаулардың орындалуын қамтамасыз етеміз.

KINDER®-дің осы стандарттарды мүлтіксіз орындауы халықаралық деңгейде танылған әртүрлі мекемелердің сертификаттарымен расталады; олар әлем бойынша қауіпсіздік мәселелерін зерттеу, сынау, сертификаттау саласында көшбасшы болып табылатын, тәуелсіз, аккредиттелген зертханалар болып табылады.

Әр ойыншығымызбен ойнау кезінде тұтынушыларымыздың барлығы ұмытылмас әсер алуы үшін сапаны бақылау жөніндегі топтарымыз ойыншықтарды өндіру кезінде әрбір аса маңызды процесті үздіксіз қадағалайды. KINDER® ойыншықтарын шығаратын бүкіл фабрикаларда өндіру процесі кезінде күн сайын жүздеген сынамалар алынып, талдау өткізіледі.

Сіз мынаны білдіңіз бе?

  • Сіз мынаны білдіңіз бе? Біз қандай ойыншықтардың көбірек ұнағанын анықтау үшін жыл сайын 4000-нан аса жанұямен хабарласамыз.
  • Сіз мынаны білдіңіз бе? Әр Kinder ойыншығы өндіріске шығаруға бекітілмес бұрын, алуан түрлі 75 сынақтан өтеді, оның 48-і заңмен талап етіледі.
  • Сіз мынаны білдіңіз бе? Біз өніміміздің сапасын бақылау мақсатында бүкіл әлем бойынша жыл сайын 7 000 000-нан астам ойыншықтан сынама алып, талдау жасаймыз.

Көбірек біліңіз!

Қамқорлығымыз қайда бағытталады

Біз өз өнімдеріміздің сапасына үлкен мән береміз, сондықтан Kinder-дің әр порциясы қамқорлыққа толы.