Лимон шырыны
Лимон шырынын бай дәмі мен хош иісінің арқасында ең танымал өнімдердің бірі деп санауға болады. Оны тамақ дайындағанда ингредиент ретінде де, жай ғана дәмдеуіш ретінде де жиі пайдаланады.
Өнім туралы
Лимон – отаны Азия болып табылатын цитрус ағашының жемісі. Қазіргі уақытта лимон бүкіл дүниежүзінде өсіріледі және алуан түрлі сұрыптарымен ерекшеленеді. Лимонның негізгі құндылығы – көлемі жеміс салмағының 50 %-на дейін жетуі мүмкін шырынында.
Біз лимон шырынын ерекше балғын және нәзік дәм беру үшін Kinder Delice тәтті нанын дайындау кезінде қосамыз.
Kinder таңдауы және сапаны бақылау
Лимон шырынының жеткізушілерімен бұрыннан орнаған серіктестік қарым-қатынасымыздың арқасында біз жемістерді тазалау мен сығудан бастап, судың бір бөлігін алып тастау арқылы қойылтуға дейінгі бүкіл процесті оларға толық сеніп тапсыра аламыз.