sugar header

ҚАНТ

Ол тағамды әрдайым дәмдірек етеді 

Қант – тәтті өнімдердің маңызды ингредиенті: ол тәттілік береді және өнімдерімізге қажетті тығыздық пен текстураны қамтамасыз ете отырып, басқа ингредиенттердің дәмін ашады.

Қантты өндіруіміздің жолы

Kinder өнімдерінің құрамына өзіміздің рецептімізге сай дайындалған қызылша мен құрақ қантын қосамыз.
Қант қызылшасы мен қант құрағын жинағаннан кейін, олар жеткізушілеріміздің өңдеу кәсіпорындарына жіберіледі. Ол жерде шикізат жуылып, қант мөлшері көп қою шырынның бөліну процесін жеңілдету үшін ұсақталады.
Содан соң бұл шырын сүзгіден өткізіліп, ылғалы кетуі үшін қыздырылады, осыдан кейін қою шәрбатта шағын кристалдар қалады, ал олардың көлемі мен мөлшері өнім салқындаған сайын артады.
Содан соң кристалдар центрифуганың көмегімен шәрбаттан шығарылып, жуылады және кептіріледі, бұл күнделікті пайдалануға жарайтын, біз жақсы білетін қантты алуға мүмкіндік береді.
Фабрикаларымызға келіп түскен қант өнімдеріміздің құрамына қосылмай тұрып, кристалдарының мөлшері мен олардың тазалық дәрежесі бойынша сынақтан өтеді.

Sugar Header

Сахароза барлық Kinder өнімдерінің құрамына кіреді. Кейбір рецепттерде біз өнімдерімізге ерекше дәм беру үшін қанттың басқа түрлерін де пайдаланамыз: мысалы, Kinder Pinguì мен Kinder Paradiso-да декстроза бар. Kinder Delice, Kinder Paradiso және Kinder Pinguì сияқты өнімдердегі глюкоза-фруктоза шәрбатының аз мөлшері қамырға қосымша жұмсақтық береді.

Төзімді шикізат өндіру

Sugar part 2 final

Kinder шикізатты тек қант қызылшасы мен қант құрағын ГМА-сыз (гендік модификацияланған ағзалар) өсіретін жеткізушілерден сатып алады.

Біз ауылшаруашылық кооперативтерімен және қантпен қамтамасыз ететін өндірушілермен берік әрі сенімді қарым-қатынас орнатуға әрқашан ұмтыламыз. Біз пайдаланатын бүкіл қант құрағында қант құрағын тұрақты өндіру, өңдеу және бүкіл дүниежүзінде сату әдістерінің енгізілуін қолдайтын Bonsucro жаһандық ұйымының сертификаты бар. Біз 2010 жылдан бері аталған ұйымның мүшесі болып табыламыз.

Bonsucro жұмысы осы салада тұрақты өндіріс қауымдастықтары мен сенімді жеткізу тізбектерін құруға бағытталған. Ұйым қант құрағының тұрақты өндірісі жергілікті тұрғындарға, қауымдастықтарға, компанияларға, экономикаға және экожүйелерге ұзақ мерзімді пайда әкелетінін қамтамасыз етуге ұмтылады. 2014 жылы Ferrero тобы қант құрағынан қант өндірудің тұрақты өнеркәсібін дамытуға белсенді қатысқаны үшін әлемде бірінші болып Bonsucro көшбасшылық сыйлығына (Leadership Award) ие болды. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз. 

Sugar part 2 final

біздің ингредиенттер

Cocoa
Какао
Milk
Сүт
Hazelnuts
Орман
жаңғақтары
Honey
Бал
Cereal
Дәнді
дақылдар
Eggs
Жұмыртқа
Fats and oils
Майлар
Image thumbnail
Пальма
майы
malz small
Уыт
сығындысы
Backer 27s Yeast
Нан
пісіретін
ашытқы
Emulsifiers
Эмульгатор
Лецитин
Raising Agents
Қопсытқыштар
Flavourings
Хош
иістендіргіштер
thickener
Қоюландыр-
ғыштар
raising agents
Глазурьле-
гіштер
humectant
Ылғал
ұстағыш
қоспалар
Lemon
Лимон
шырыны
Image thumbnail
Кокос
coffee extract
Кофе
сығындысы
Image thumbnail
Йогурт
Salt
Тұз