Palmoil header

Пальма майы

100 % экотөзімділік, RSPO сертификаттаған.

Пальма майы – Kinder өнімдеріне сіздер қатты жақсы көретін тегіс және кремді текстураны беретін ингредиент. Біз өнімдерімізде 100 % RSPO (Roundtable on Sustainable Palm Oil – Экологиялық төзімді пальма майы жөніндегі дөңгелек үстел) сертификаттауынан өткен экологиялық төзімді пальма майын ғана пайдаланамыз.

Біз неліктен пальма майын пайдаланамыз

Пальма майы – нәзік кремді текстураға және теңдестірілген органолептикалық қасиеттерге ие Kinder өнімдерінің бірегей рецептураларын жасауда көмектесетін ингредиент. Өзінің бейтарап дәмі мен иісінің арқасында ол біздің рецепттерімізде пайдаланылатын басқа ингредиенттердің дәмін күшейтеді. Бұдан бөлек, басқа өсімдік майларымен салыстырғанда, ол жоғары қышқылдандыру тұрақтылығына ие, бұл өнімнің орнықты дәмдік сипаттамаларын қамтамасыз етеді.

Palm Oil part 1

Май өңдеу тәжірибеміз

Palm Oil Part 2

Пальма майын әдетте үлкен шоқ болып өсетін пальма жемістерінің мәйегінен алады; кейде бір шоғы 40 кг шамасына дейін тартуы мүмкін. Жемістің өзі аса ірі емес, үлкендігі жүзімдей болуы мүмкін, бірақ мәйегі майға аса бай болады. 

Пальма жемістерін жинап алғаннан кейін біздің жеткізушілеріміздің кәсіпорындарына жібереді, онда шикізат барынша жылдам бастапқы өңдеуден өткізіледі: жемістерді бумен қыздырып, содан соң май алу үшін сығады. Осыдан соң айырылған майды бақыланатын температурада өңдеп, тазартады.

Процестің соңғы бөлігі біздің фабрикаларымызда жүзеге асырылады. Шикізаттың барлық партияларын біз ең алдымен қатаң сапа бақылауынан өткіземіз, содан соң оның бейтарап дәмі мен иісін кепілдеу үшін өзіміздің технологиямыз бойынша өңдейміз. Нақ осы себепті біз пальма майының қауіпсіздігіне және оны барлық өнімдерімізде пайдалануға болатынына сенімдіміз.

Palm Oil Part 2

100 % экотөзімді пальма майы, RSPO сертификаттаған

Palm Oil part 3

Біз өнімдерімізде негізінен Малайзия мен Индонезиядан әкелінетін, айырып алынған май ретінде 100 % RSPO (Roundtable on Sustainable Palm Oil – Экологиялық төзімді пальма майы жөніндегі дөңгелек үстел) сертификаттауынан өткен экологиялық төзімді пальма майын ғана пайдаланамыз.  Бұл біздің пальма майымыздың бүкіл жеткізу тізбегі бойында кәдімгі пальма майынан бөлінетінін білдіреді, бұл оның сапасы мен экологиялық төзімділігін кепілдейді. Біз қызметінің мақсаты экологиялық және әлеуметтік орнықтылықтың сенімді критерийлері: тропикалық ормандардың жойылуына жол бермеу, биосаналуандықты сақтау, осы аймақтарда өмір сүретін және жұмыс істейтін қоғамдастықтардың құқықтарын қорғау негізінде пальма майын өндіру мен өңдеуді сертификаттаудың халықаралық стандарттарын белгілеу болып табылатын RSPO белсенді қатысушыларымыз.

Өнімдерімізге арналған пальма майын жеткізу тізбегі сертификатталған және толығымен қадағаланады. Бұл шикізаттың әртүрлі сертификатталған плантациялардан сатып алынатынын және жеткізу мен өңдеудің барлық кезеңдері сертификатталмаған пальма майынан бөлек екенін білдіреді. Бұл жүйе біз қолданатын бүкіл пальма майының шығу жолын сыққышқа дейін қадағалауға және шикізаттың кесілген ормандар орнында жасалған плантациялардан келмегеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді. 

2021 жылы RSPO сертификаттауына байланысты міндеттемелерге қосымша Ferrero компаниясы жаңа Пальма майы жөніндегі хартиясын шығарды. Бұл құжатта қоршаған орта мен адамның әл-ауқатына әсер ететін көптеген терең, күрделі, өзара байланысты проблемалары бар осы сала үшін үш аса маңызды стратегиялық бағытта жоспарланған іс-әрекеттер мен шаралар белгіленген. Бұл бағыттарға мыналар жатады: адам құқықтары мен әлеуметтік тәжірибелер, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму, сондай-ақ жеткізу тізбегінің ашықтығы. «Пальма майы жөніндегі хартия» жасалғаннан кейін, біз жеке Пальма майы жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірледік және алғашқы Іс-қимыл жоспарын іске асыру туралы есепті шығардық.

Palm Oil part 3

Сонымен қатар жеткізу тізбегіміздің ашықтығын одан әрі арттыру үшін біз ерікті негізде олардың шығу тегі туралы соңғы мәліметтерді тұрақты түрде жариялап отырамыз.

Бұл жұмыс үкіметтік емес ұйымдардың, соның ішінде Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) жоғары бағалауына ие болды. 2021 жылғы пальма майын сатып алушылардың WWF жариялаған рейтингісінде Ferrero 227 халықаралық компанияны басып озып, үшінші орынды, ал өнеркәсіптік өндірушілер арасында бірінші орынды иеленді. Бұл рейтинг әртүрлі салалардағы жаһандық компанияларды әлемдік пальма майын өндірудің тұрақтылығын арттыруға бағытталған нақты әрекеттер мен жетістіктерді ескеретін қатаң критерийлер бойынша бағалайды. Тропикалық ормандарды шабу проблемасын шешу және сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша біздің күш-жігеріміз ерекше атап өтілді. Бұл жетістік бізді осы жолда жаңа жетістіктерге жетуге шабыттандырады.

біздің ингредиенттер

Cocoa
Какао
Milk
Сүт
Hazelnuts
Орман
жаңғақтары
Honey
Бал
Cereal
Дәнді
дақылдар
Eggs
Жұмыртқа
Fats and oils
Майлар
Sugar selector
Қант
malz small
Уыт
сығындысы
Backer 27s Yeast
Нан
пісіретін
ашытқы
Emulsifiers
Эмульгатор
Лецитин
Raising Agents
Қопсытқыштар
Flavourings
Хош
иістендіргіштер
thickener
Қоюландыр-
ғыштар
raising agents
Глазурьле-
гіштер
humectant
Ылғал
ұстағыш
қоспалар
Lemon
Лимон
шырыны
Image thumbnail
Кокос
coffee extract
Кофе
сығындысы
Image thumbnail
Йогурт
Salt
Тұз