Жұмыртқа
Жұмыртқа – бүкіл әлемде кеңінен таралған өнім. Олар көптеген халықтардың аспаздық дәстүрлерінде басты орындардың бірін иеленеді.
Kinder таңдауы және сапаны бақылау
Бұл ингредиенттің қасиеттері мен сапасы – Kinder тәттілері мен кейбір салқындатылған өнімдерінің жүрегі мен жаны. Бисквиттеріміздің түсі, хош иісі және консистенциясы қандай болатынын нақ осы жұмыртқаның сапасы анықтайды.
Өнімдерімізде пайдаланылатын жұмыртқалар сапасы мен балғындығын қамтамасыз ету үшін қатаң критерийлерге сәйкес іріктеледі. Біз тауықтарының бүкіл өмірлік цикліне және оларға беретін жемінің сапасына бақылау жүргізетін мұқият таңдап алынған жеткізушілерден жауапкершілікпен сатып алуды қамтамасыз ете отырып, жұмыртқалардың шығу тегін толығымен қадағалаймыз.
Сонау 2014 жылы біз еркіндікте жайылуы үшін тауықтарды торда ұстаудан бас тартқан ЕО аумағындағы фермалардан жұмыртқа сатып алу мақсатына қол жеткіздік. Бұл көзқарас біз үшін жануарлардың игілігі аса маңызды болуына байланысты. Бұл ретте еуропалық жеткізу арналары дүниежүзі бойынша пайдаланатын жұмыртқаларымыздың 95 %-ын қамтамасыз етеді. Ал 2025 жылға қарай біз тауықтарын торсыз бағатын шаруалар ұсынатын жұмыртқа мен жұмыртқа ингредиенттеріне толығымен көшуді көздеп отырмыз. 2013 жылы біз Еуропадан тыс жерде, яғни Түркия мен Мексикада екі жаңа фабрика салдық. Бұл фабрикаларда пайдаланылатын жұмыртқалар біздің жалпы тұтынатын жұмыртқаларымыздың шамамен 5 %-ын құрайды. Біз торсыз баққан тауықтардың ғана жұмыртқаларына (қазіргі уақытта нарықтарда әлі жоқ) көшу және 2025 жылға қарай өз мойнымызға алған міндеттемемізді орындау үшін осы елдердегі жеткізушілермен ынтымақтасамыз.