ОРМАН ЖАҢҒАҚТАРЫ
Өндіріс алдында ғана қуыру
Орман жаңғақтары – Kinder Bueno сияқты кейбір өнімдеріміздің құрамына кіретін мұқият іріктелетін ингредиенттердің бірі. Дәмдік қасиеттері барынша сақталуы үшін дәл өндірудің алдында қуырылатын және ұсақталатын тұтас орман жаңғақтарын пайдаланамыз.
Орман жаңғақтарын іріктеу және қуыру сарапшылары
Жылдар бойы біз мол тәжірибе жинадық және ең жақсы орман жаңғақтарын таңдап, оларды дұрыс өңдеуді үйрендік.
Біз тек қуырылмаған бүтін жаңғақтарды қабығымен сатып аламыз, оларды мұқият іріктейміз және өсіру барысын: отырғызғаннан бастап өнімді жинағанға дейін, тасымалдау мен қуырғанға дейін толық бақылаймыз.
Тазартылған және сұрыпталған орман жаңғақтары фабрикаларымызға келіп түскенде, сапасын тексеріп, шикізаттың қатаң стандарттарымызға сәйкес келіп-келмейтінін анықтаймыз. Осыдан кейін ғана оларды қуыруға кірісеміз. Өндірісімізге пайдаланылатын орман жаңғақтарының 100 % көлемін өзіміз өңдеп, өзіміз қуырамыз. Міне осылайша олардың хош иісі мен жаңа жұлынғандай дәмін қамтамасыз ете аламыз.
Абайлап қуырылған және ұнтақталған орман жаңғақтарын келесі өндіріс желілеріне басқа ингредиенттермен араластырудың дәл алдында жібереміз. Ықтимал ең жақсы хош иіске қол жеткізу үшін әр кәсіпорында орман жаңғақтары алынған жерге, олардың құрамындағы ылғал деңгейіне және көлеміне қарай қуыру параметрлерін белгілейтін орман жаңғақтарын өңдеу жөніндегі бас маман бар.
Төмен температуралық режим мен баяу процестерді сақтай отырып, дәмдік қасиеттерінің біртектілігін барынша қамтамасыз ету үшін бірдей өлшемдегі жаңғақтарды ғана партия түрінде қуырамыз. Күн сайын зертханаларымыздағы мамандар өндірістің әр кезеңінде орман жаңғақтарының хош иісін, дәмін және текстурасын бағалау сынақтарын өткізеді.
«2021 жылғы қаңтарда Ferrero барлық жеткізушілерімізге қолданылатын Орман жаңғақтары жөніндегі хартияны жариялады. Бұл құжат саясаттарымыздың құнды қалыптастыру тізбегінің барлық кезеңдерінде сақталуын қамтамасыз ету тәсілін сипаттайды, сондай-ақ жекелеген басымдықтар мен бастамалар бойынша нақты міндеттемелерді белгілейді.
Орман жаңғақтары жөніндегі хартия жасалғаннан кейін, біз жеке Орман жаңғақтары жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірледік және алғашқы Іс-қимыл жоспарын іске асыру туралы есепті шығардық».
Кейбір елдерде, мысалы, Чили мен АҚШ-та жаңғақтарымыздың 100 % қадағалануы қазірдің өзінде жүзеге асырылды, ал 2023 жылға қарай біз бүкіл дүниежүзі бойынша өндіруші фермаға дейін толық қадағалауға қол жеткізуді көздеп отырмыз.
Осы мақсатпен біз жеткізу арналарын картаға түсіру және цифрлық ашықтықты қамтамасыз ету саласында қызмет көрсететін жетекші жеткізуші Sourcemap-пен ынтымақтасамыз.