Қопсытқыштар
Ас содасы немесе аммоний карбонаты сияқты қопсытқыштар көп жылдар бойы бүкіл әлемнің асүйлерінде қолданылып келеді және десерттер мен басқа да тағамдарды дайындауда таптырмас көмекші құрал болып табылады.
Өнім туралы
Қопсытқыш – қамырда көмірқышқыл газының түзіліп, оның көлемінің ұлғаюына және сол арқылы бисквиттер мен басқа да өнімдердің көтеріліп, үгілмелі болуына септігін тигізетін зат. Пісіру барысында жоғары температураның әсерінен қопсытқыш көмірқышқыл газының түзілу реакциясын іске қосады да, оның көпіршіктері қамыр құрылымына еніп, өнімді жеңіл әрі жұмсақ етеді.
Kinder Сүтті тілім және Kinder Delice бисквитті тәтті нандарында қопсытқыштар ретінде натрий гидрокарбонаты мен аммоний карбонаты қолданылады. Бұл әрбір асүйден дерлік табуға болатын ең қарапайым, кең таралған тағамдық қоспалар.