New header fats and oil

Майлар

Майлар әрқашан тамақ дайындауда зор маңызға ие болған. Өнімдеріміздің дәмдерінің таңғажайып саналуандығының құпиясы да – осы майларды пайдалануға мұқият және кәсіби тұрғыдан келуде.

Өнім туралы

Fats oils 2

Ақуыздар, майлар (немесе липидтер) және көмірсулар – адам ағзасы үшін аса маңызды роль атқаратын үш макроэлемент. Дәрумендер мен минералдар сияқты микроэлементтермен салыстырғанда, олар рационда көп мөлшерде болады және адам үшін қуат көзі болып табылады.

Біз тамаққа қолданатын майларды екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа жануарлардан алынған өнімдерден: еттен, балықтан, жұмыртқадан, сүттен және сүт өнімдерінен алынатын майлар жатады. Екінші топқа біз майлы дақылдардан, бұршақты және дәнді дақылдардан, сондай-ақ кейбір жемістерден алатын өсімдік майлары кіреді. 

Kinder өнімдерінің құрамына кіретін майлардың басым көпшілігі өсімдіктерден алынады. Біз пайдаланатын мал майларының жалғыз түрі – сиыр сүтінен алынатын сары май. Өнімдерімізді өндіргенде біз сутектендірілген майларды қолданбаймыз.

Fats oils 2

Kinder таңдауы

Kinder өнімінің дәмдері мен текстураларының саналуандығы шынында да керемет. Және бұл – біздің өнімдеріміздің тұтынушылар арасында табысқа жету құпияларының бірі. Біз әрдайым сүтте, какао мен орман жаңғағында табиғи түрде болатын майлар мен біз дербес ингредиент ретінде пайдаланатын майлардың арасында қажетті теңгерімді іздеумен боламыз.  

Осы теңгерімді үздіксіз іздеу – Kinder мамандарының жұмысы. Олар салма дәмі неғұрлым кілегейлі болып, ал жұмсақ майлар қатты майлармен жақсырақ құрамдастырылып, бір өнімдерді үгілмелі және қытырлақ, ал енді бір өнімдерді жұмсақ әрі нәзік ету үшін майлардың әртүрлі қасиеттерін барынша жақсы үйлестіруге мүмкіндік беретін тәсілді табуға тырысады. 

Осындай мұқият ойластырылған үйлесімдер бізге өзімізге қажетті дәмді алу үшін ингредиенттерді араластыру мүмкіндігін береді. Аз мөлшерде май қосып, біз ингредиенттің күшті дәмін неғұрлым бейтарап ете аламыз, осының арқасында түпкі өнімнің дәмі неғұрлым нәзік бола түседі.

Бұл қажырлы жұмыстың мақсаты қарапайым – біздің өнімдерімізді ұнататын барлық адамдар аса бағалайтын текстура мен дәм үйлесіміне қол жеткізу. 

біздің ингредиенттер

Cocoa
Какао
Milk
Сүт
Hazelnuts
Орман
жаңғақтары
Honey
Бал
Cereal
Дәнді
дақылдар
Eggs
Жұмыртқа
Image thumbnail
Пальма
майы
Sugar selector
Қант
malz small
Уыт
сығындысы
Backer 27s Yeast
Нан
пісіретін
ашытқы
Emulsifiers
Эмульгатор
Лецитин
Raising Agents
Қопсытқыштар
Flavourings
Хош
иістендіргіштер
thickener
Қоюландыр-
ғыштар
raising agents
Глазурьле-
гіштер
humectant
Ылғал
ұстағыш
қоспалар
Lemon
Лимон
шырыны
Image thumbnail
Кокос
coffee extract
Кофе
сығындысы
Image thumbnail
Йогурт
Salt
Тұз